Жастар – алып күш
Жастар – алып күш
425
оқылды
Өзгерістер дәуірінде өмір сүру қиын деп бекер айтпайды. Біз еліміздің 30 жылдық тарихы бар парағын аударып, жаһандық реформалар жолында сеніммен қадам басып келеміз. Партияның жуырда өткен кезектен тыс ХХІІ съезіне партия «Amanat»  деп аталатын болып шешілді. Партияның тек атауы өзгерген жоқ деп сеніммен айта аламын. Қоғамдық-саяси ұйымның ішін­де де елеулі өзгерістер болып жатыр. Атап айтқанда, партияны модерниза­циялау бағдарламасы қабыл­данды: Кадр саясатына баса назар ауда­рылмақ. Қысқа мерзім ішінде партияны қайта құру туралы ұсыныстар әзірленіп, оны Президент те, партияның жоғары органы – съезд де қолдады. Мен партия мойнына қандай үлкен жауапкершілік артылып отырғанын терең түсінемін, бірақ сенімді қадамдармен жас ұрпаққа жол салуды жалғастыру қажет. Партия жанындағы Қоғамдық кеңестердің саны қысқарты­латын болды. Бұл партияластардың күшін  жұмылдырырып, жауапкершілік аймақтарын тең бөлуге мүмкіндік бермек. Кеңестердің құрамына мүшелікке халыққа жанашыр жаңа қоғам белсенділерін, еліне адал жандарды қосу туралы шешім де аса құптарлық. Бастауыш партия ұйымдарының жұмысын қайта ұйымдастыру керек деген шешімді де қолдаймын. Жарналардың 20 пайызы тікелей бастауыш партия ұйымына қайтарылатын болады. Бұл партиялықтардың жауапкершілігі мен қоғамдық ұйымның өміріне қатысу белсенділігін, сондай-ақ жобаларды іске асыру деңгейін арттырады. Сондай-ақ сайлауалды бағдарламаның индикаторлары мен бөлімдеріне нақты жауапты адамдарды бекіту әркімнің дербес жауапкершілігін арттыра түспек. Мобильді қосымша, Talqylau жаңа диалог алаңы, сондай-ақ партиялық баспасөз орталығы ашылып, халықпен коммуникация және кері байланыс арналарының іске қосылуы партия жұмысының ашықтығын қамтамасыз етпек. Бұл – бүгінде бірінші кезектегі басымдық. Бірқатар жаңа партиялық жобалар, сондай-ақ партияның жастар қанатының жаңа жобалары туралы сөз қозғау әлі ерте, бірақ оларды іске қосып, алғашқы нәти­желерге қол жеткізуге мүмкіндік беріліп отыр. Бағыттардың өзектілігі осы жобалар шеңберіндегі проблемалық мәселелерді жаңадан қамтуды, жаңа тәсілдер қажеттігін көрсетіп отыр. Әлемнің дамыған мемлекеттерінің барлығы да жастарға үлкен сенім артады. Себебі жас буынға жұмсалатын шығындар болашаққа салынатын инвестиция екені анық. Кез келген елдің болашағын жас ұрпақ айқындайды. «Jas Otan» Жастар қана­ты – барлық жастар ұйымдарының өзегі. Мен солтүстікқазақстандық жасотандықтар қоғамдық сананы жаңғыртуға, партия Төрағасы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған барлық бастамалар мен міндеттерді сапалы жүзеге асыруға белсенді атса­лысып жүр деп нық сеніммен айта аламын. Жеке өз басым облыстық мәслихаттың депутаты ретінде жастарды жұмысқа ор­наластыру, қолжетімді баспана мен білім, бос уақытын тиімді өткізу сияқты өзекті мәселелерін көтеріп, мүмкіндігінше шешуге тырысамын. Біз демократиялық және еркін елде  өмір сүріп жатырмыз. Біздің жастарымызға тек өз мемлекетімізде ғана емес, шетелдерде де білім алуға қолайлы жағдай жасалған. Бізде облысты дамыту бағытында маңызды көптеген қызықты жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Мәселен, мектептен кейін білімін жалғастыруға мүмкіндігі жоқ жастарды еңбекке әлеуметтендіруге бағытталған «Сәтті қадам» жобасы жүзеге асырылып отыр. Біз жастарды жұмысқа орналастыруға көмектесеміз, өйткені бұл – өзекті мәселе. «Кеңес орталығы» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдар­ламалар туралы жастарды ақпараттандыру бойынша да біршама жұмыс жүргізілуде. Бүгінде 3 мыңнан астам қыз-жігітке сапалы кеңес  берілді. Біздің жастар қолайлы жағдайда өмір сүруге, сапалы білім алуға және бос уақытын тиімді өткізуге әбден лайық. Жол картасы аясында Петропавл қаласында студент жастар үшін 1 200 орындық заманауи 10 қабатты жатақхана салынады. Спорт ғимараттары, соның ішінде Петропавл қаласында 3 мың орындық ірі денешынықтыру-сауықтыру кешені бой көтеруде. Жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңестің бастамасы бойынша «Жас­тарға тұрғын үй сатып алу бойынша мемлекеттік бағдарлама құру туралы» бағдар­ламасы аясында, «Елорда» және «Алматы жастары» жобалары үлгісімен облыста «Қызылжар жастары» бағдарламасы іске қосылады. Жақын арада жастар қанатының форумында қабылданатын «Jas Otan» Жастар қанатының жаңа бағдарламасын жасау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп отыр. Бүгінде жас депутаттар саны айтарлықтай өсті. Партия, мәслихаттар мен Мәжіліс жас көшбасшылар есебінен жаңарды. Біз жастардың жас мөлшерін 35 жасқа дейін арттыруды ұсындық. Біздің басты басымдығымыз – NEET санатындағы жастар. «Жастар саясаты туралы» заң жо­басында оның анықтамасы ғана бар және онымен жұмыс істеудің нақты тетіктері жоқ. Бірақ біз бұл мәселені де шеше аламыз! Біз өзіміздің идеяларымызды Мәжілістегі депутаттар арқылы ілгерілететін боламыз. Бізде талантты жастар өте көп. Егер барлығымыз еліміздің болашағын жарқын ету­ге күш біріктіріп, халқымызға пайда келтіруге ұмтылсақ, біздің қолымыздан бәрі келетініне сенімдімін! «Жастар – ел болашағы» деген сөз қарапайым ұран емес. Бүгінде біздің әрқайсысымыз, жас буын өкілдері ерекше жауапкершілікті сезінеді. Бізге жүктелген міндетті абыроймен атқаруға тиіспіз.

Біржан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «Jas Otan» Жастар қанаты Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы