Финалға жолдама алды
Финалға жолдама алды
282
оқылды
Қатар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңі өтіп жатыр. Алғашқы іріктеу кезеңінен кейін екі қазақстандық спортшы жарыстың финалына  өтті. Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметі бойынша, Дохадағы жарыста гимнастикалық ат снарядында іріктеу кезеңіне қатысқан жерлесіміз Нариман Құрбанов 14.566 ұпай олжалап, финалда бақ сынайтын спортшылардың қатарынан көрінді. Сонымен қатар еркін жаттығу бәсекесінде өнер көрсеткен Милад Карими да бас жүлдеге таласып көреді. Ол іріктеу жарысында 13.900 ұпай жинап, жетінші нәтиже көрсетті. Дохадағы әлем кубогы кезеңі 7 наурызға дейін жалғасады. Айта кетейік, қазақстандық гимнасшылар өткен аптада Германияның Котбус қаласында ұйымдастырылған әлем кубогының финалында бақ сынаған еді. Нариман Құрбанов гимнастикалық ат снарядында жетінші орынға табан тіресе, Милад Карими еркін жаттығуда – бе­сін­ші, кермеде – сегізінші, қол тіреп секіруде төртінші орын алған болатын.