Қамшыбектің қарсыласы анықталды
Қамшыбектің қарсыласы анықталды
188
оқылды
Аса ауыр салмақ дә­ре­жесінде бақ сынап жүр­ген қазақ­стандық кәсіпқой боксшы Қам­шы­бек Қоңқабаевтың кезекті жекпе-жектегі қарсыласы анықталды. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев келесі кездесуін 25 наурыз күні оңтүстікафрикалық Джонни Мюллерге қарсы өткізетін болды. Қамшыбектің қарсыласы кәсіпқой бокс әлемінде 2009 жылдан бері бақ сынап келеді. Ол 33 жекпе-жек өткізіп, оның 23-інде жеңіс­ке жеткен, 2 рет жеңі­ліс­тің кермек дәмін татып, 9 рет қарсыластарымен тең түскен екен.