Аса ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың кезекті жекпе-жектегі қарсыласы анықталды. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев келесі кездесуін 25 наурыз күні оңтүстікафрикалық Джонни Мюллерге қарсы өткізетін болды. Қамшыбектің қарсыласы кәсіпқой бокс әлемінде 2009 жылдан бері бақ сынап келеді. Ол 33 жекпе-жек өткізіп, оның 23-інде жеңіске жеткен, 2 рет жеңілістің кермек дәмін татып, 9 рет қарсыластарымен тең түскен екен.