Атыраудағы мектептердің біріне бомба қойылғаны туралы хабар тарады
Атыраудағы мектептердің біріне бомба қойылғаны туралы хабар тарады
155
оқылды

Атырау қаласындағы мектептердің бірінің ресми электронды поштасына мектеп ғимаратында жарылғыш орнатылғаны туралы ақпарат келді, - деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. 

"Мектеп басшылығы 5 наурыз күні сағат 08:52 шамасында дереу 102-ге хабарлаған. Полицейлер мектеп оқушылары мен қызметкерлерін шұғыл эвакуациялады", - делінген хабарламада.
Артынша мектепте ешқандай жарылғыш жоғы анықталды.  width= Қазіргі таңда хабарлама жіберген күдіктіні анықтау жұмыстары жүргізілуде.