Атыраудағы мектептердің біріне бомба қойылғаны туралы хабар тарады

Атыраудағы мектептердің біріне бомба қойылғаны туралы хабар тарады

Атырау қаласындағы мектептердің бірінің ресми электронды поштасына мектеп ғимаратында жарылғыш орнатылғаны туралы ақпарат келді, - деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. 

"Мектеп басшылығы 5 наурыз күні сағат 08:52 шамасында дереу 102-ге хабарлаған. Полицейлер мектеп оқушылары мен қызметкерлерін шұғыл эвакуациялады", - делінген хабарламада.
Артынша мектепте ешқандай жарылғыш жоғы анықталды. Қазіргі таңда хабарлама жіберген күдіктіні анықтау жұмыстары жүргізілуде.