Павлодар облысы әкімінің орынбасары отставкаға кетті
Павлодар облысы әкімінің орынбасары отставкаға кетті
138
оқылды
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов өз өтініші бойынша қызметінен кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты. Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Сәкен Шаяхметов облыс әкімі орынбасарының лауазымынан босатылды.
- Ол өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму, кәсіпкерлік, туризм және цифрландыру мәселелеріне жетекшілік етті. Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымында 2020 жылғы 20 ақпаннан бастап еңбек етті, - делінген баспасөз хабарламасында.