Желіде Тоқаевтың жас кезіндегі фотосы пайда болды
Желіде Тоқаевтың жас кезіндегі фотосы пайда болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1986 жылы Бейжіңде түсірілген суреті жарияланды.

 «Сіз білесіз бе, Қазақстан Президенті үстел теннисін ұнатады. Ол кезінде Қазақстанның Үстел теннисі федерациясын 13 жыл басқарған. Суретте сол кездегі Қазақстанның болашақ Президентінің дипломатиялық корпус арасында үстел теннисінен ұйымдастырылған турнирге қатысып жатқан сәті»,-делінген баспасөз қызметінің «Борт №1» Telegram хабарламасында.