Азия чемпионаты: Бақыт Сейдіш 70 секундта қарсыласын 3 рет нокдаунға жіберді
Азия чемпионаты: Бақыт Сейдіш 70 секундта қарсыласын 3 рет нокдаунға жіберді
Фото: sports.kz
368
оқылды
Қазақстандық боксшы Бақыт Сейдіш Амманда (Иордания) өткен бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының ширек финалында өнер көрсетті. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Жастар турнирінің 1/4 финалында Сейдіш БАӘ өкілі Рахма Альмашдимен кездесіп, жеңіске жетті. Бастапқы 70 секунд ішінде қазақстандық қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді - үшінші нокдауннан кейін төреші жекпе-жекті аяқтау туралы белгі берді, – деп жазады Sports.kz. Осылайша, Бақыт Сейдіш ширек финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, турнирдің жартылай финалына шықты. Қазақстандық спортшы кем дегенде қола медальға кепілдік беріп отыр.