Қазақстан мен Украина спортшыларының көз түйістірген сәті жұртты таңғалдырды
Қазақстан мен Украина спортшыларының көз түйістірген сәті жұртты таңғалдырды
Фото: видеодан скриншот
Бүгін Лас-Вегаста UFC 272 турниріне қатысушылардың салмағын өлшеу рәсімі өтті. Қазақстандық Мария Агапова мен украиналық Марина Мороз арасындағы жеңіл салмақтағы жекпе-жек өтеді, –деп жазады Sports.kz. 2021 жылдың жазында Мороз Агапованы есірткі қолданды, агрессивті мінез-құлық көрсетті және АҚШ-тағы заң мәселелері бойынша айыптаған болатын. Осыдан кейін Мария украиналық спортшыны кездесуге шақырып, осы мәлімдемелері үшін одан кек алғысы келді. Алайда, қарсыластардың көз түйістірген сәті жұртты таңғалдырды: қыздар бір-біріне құрмет көрсетіп, тіпті қол алысты, – деп атап өтті MMA Junkie басылымы. Агапова — Мороз жекпе-жегі 6 наурыз күні таңертең өтеді.