Бес облыста қар еріп, өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін – Қазгидромет
Бес облыста қар еріп, өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін – Қазгидромет
195
оқылды

6 наурызда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарында ауа райының жылынуы мен жауын-шашынға байланысты қар бірден еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

6-8 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан обдысында ауа температурасының көтерілуі мен жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты бірден қар еріп, беткейлік ағын қалыптасуы және өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.