Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2 наурыздан бері із-түзсіз кеткен сарбазға іздеу салды. ҰҚК шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2 наурызда жоғалып кеткен «Андас батыр» шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишевті іздеп жатыр. Іздеуге Жамбыл облысы бойынша шекара қызметінің департаменті мен полиция департаментінің күш-құралдары жұмылдырылған. Осы факт бойынша тергеу және қызметтік тексеру жүріп жатыр.