БҚО-да ауа райына байланысты бірнеше жол жабылды
БҚО-да ауа райына байланысты бірнеше жол жабылды
141
оқылды

Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды.

«ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша 6 наурыз күні сағат 20.30-дан бастап көршілес Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (күшті жел, боран, жолдың көрінуі қиындауы) республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (392-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысына дейін) жолы барлық көлік түрлері үшін жабылды. Сондай-ақ БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім еткеніндей, облыстық маңызы бар Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы (0-157 км, Тасқала ауылынан РФ шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл маңда да қатты боранның салдарынан жолдың көрінуі нашарлаған. БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, аталған бағыттарда тұрғындарға жолға шықпау керектігін жеткізді.