Мұнай бағасы қымбаттады
Мұнай бағасы қымбаттады
Фото: yandex.kz
204
оқылды

Лондондағы ІСЕ биржасында биылғы жылдың мамырында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың баррелі 9,03 пайызға өсіп, баррелі 128,78 доллар болды, – деп жазады inform.kz.

Бұл – Мәскеу уақытымен сағат 03.21 кезінде сауда алаңында тіркелген көрсеткіш. Мұндай баға соңғы мәрте 2012 жылдың наурызында болған. WTI маркалы мұнайдың бағасы 8,73% қымбаттап, баррелі 125,78 долларға жетті.

Бұған дейін Ресейге салынған санкцияның салдарынан Үндістан Қазақстан мұнайын сатып алудан бас тартқаны туралы жазған болатынбыз.