Қара базарда құны 114 миллион теңгеден асатын есірткіні тасымалдағандар ұсталды
Қара базарда құны 114 миллион теңгеден асатын есірткіні тасымалдағандар ұсталды
Фото: www.gov.kz
109
оқылды

Бірнеше өңірде есірткі тасымалдағандар ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Биыл 23 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Ақтөбе қаласында екі адамды «интернет арқылы психотроптық заттарды өткізді» деген күдікпен ұстады. Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 1,7 келіден астам мефедрон және «α-PVP» психотроптық заттары алынды. 25 ақпанда есірткі таратқан екі адам ұсталды. Олардан тінту кезінде 2,8 келіден астам синтетикалық есірткі алынды. 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысында Алматы қаласынан Өскемен қаласына есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды. Тергеу барысында 1,2 кг психотроптық зат тәркіленді. Алынған есірткінің қара базардағы құны шамамен 114 млн теңгеден асады. Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Күдіктілер қамауға алынды.