Ақтаулықтар елді шошытқан ескерткішті алып тастауды талап етуде
Ақтаулықтар елді шошытқан ескерткішті алып тастауды талап етуде
259
оқылды

Тұрғындардың айтуынша, ескерткіштің сұрықсыз болуы соншалық, балаларды шошытып, үлкендердің көңілін түсіруде. Ұлттық нақышта киінген екі қыздың мүсіні былтыр тұрғызылған. Содан бері екі рет жаңартылып, реставрацияланған. Алайда одан ештеңе өзгермеген.

– Қызымның күнде кешкісін дайындыққа баратыны бар. Өткен сайын менен "мына қызға не болды?" деп сұрайды. Оған не айтарымды да білмеймін. Ұлттық киімде әсемделген қыздың түр-келбетін адам шошырлықтай бояп тастаған. Дәл мереке қарсаңында олай істеуін түсінбедік. Бәрімізді мазақ етіп отыр ғой. Әкімдік осыны шешсе екен, – дейді Ақтау тұрғыны Мирослава Сурженко. Ал әкімдік болса, ауа райының бұзылуынан, яғни жауыннан мүсіндегі бояудың аққанын сылтауратты. – Соңғы рет тамызда бояғанбыз. Қазір жаңартатын уақыты келді. Біздегі ауа райының жылы болуынан бояудың ағып кететіні бар. Жауын-шашынның әсері тағы бар. Өткенде жөндеген компания қайта реставрациялап береді, – дейді әкімшіліктің бас маманы Бақтияр Мақсатов.