8-10 наурызда батыс пен оңтүстікте 20 градус ыстық болады

8-10 наурызда батыс пен оңтүстікте 20 градус ыстық болады

Қазақстандық синоптиктер 8-10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Республиканың солтүстігінде 25 градус аяз, оңтүстігінде 20 градус ыстық болуы мүмкін. Алдағы күндері Қазақстан аумағының солтүстік жартысына жауын-шашынсыз ауа райы мен ауа температурасының төмендеуін алып келетін кезекті антициклон әсер етеді. Түнде бұл аймақтарда термометр бағандары 15-25 аяз.

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде керісінше, күн жылынады. Елдің батыс және оңтүстік аймақтарында оңтүстік циклонның әсерінен күндізгі ауа температурасы 10-20 градусқа дейін көтеріледі.