Мұнайдың қымбаттауы неге теңгенің құнын көтермейді?
Мұнайдың қымбаттауы неге теңгенің құнын көтермейді?
©А.Ахметқазы
449
оқылды

Бүгін, 7 наурызда Brent маркалы мұнай бағасы 2008 жылдан бері алғаш рет барреліне 130 доллардан асты. Бұрын мұнай қымбаттаса, қазақстандықтар да "теңге нығаяды" деп қуанатын. Бірақ қазір бәрі керісінше, неге? Aikyn.kz экономист пен саясаттанушы пікірін білді.

Никита Шаталов, саясаттанушы [caption id="attachment_187049" align="alignright" width="400"]Никита Шаталов, саясаттанушы Никита Шаталов. Фото жеке архивінен[/caption] – Қазір мұнайдың 130 долларға көтерілуі бұрынғыдай теңге құнының өсуіне әсер ете алмайды. Себебі қазір мұнай жеткізу бойынша мәселелер бар. Бұрын мұндай мәселе Таяу Шығыстан шыққан көп мөлшердегі мұнайдың әсерінен болса, қазір Ресей Федерациясына салынған санкциялардың кесірінен болып отыр. Көптеген мұнай өндірушілер, тасымалдаушылар Қазақстанның мұнайын Ресей арқылы өтетін құбырлар арқылы сатып алып келді. Енді олар Еуропа Одағы мен АҚШ тарапынан болатын қысымнан сескеніп, "мұнайды Ресей жақтан алсақ па, алмасақ па?!" деп күмәнданып отыр. Оған ресейлік мұнайды сатып алған Shell корпорациясының көпшіліктен кешірім сұрауы дәлел бола алады. Мұнайдың құны қымбаттап жатыр, неге теңгенің құны артпайды? Себебі теңгенің құны тек мұнайға емес, Ресейдің рубліне де байланған. Егер бұрын Қазақстан мен Ресей ұлттық валюта бағамын ұстап тұру үшін кез келген жолмен субсидиялаған болса, қазір мұндай тәсілді қолдану қиын, себебі резервтегі қаржы таусылуға қалды. Мұнайдың қымбаттауы әуелі Украинадағы соғыспен байланысты. Сол үшін бұл – күрделі құрылым. Оған қоса, Ресейге салынған санкциялар рубльдің одан сайын құнсыздануына алып келді. Валюта халықаралық нарықтарда беделінен айырылды, сенім азайды. Ал оған байланған теңге де бірге құнсыздана берді. Себебі Ресей – біздің негізгі экономикалық серіктесіміз.

Андрей Чеботарев, экономист

Андрей Чеботарев, экономист – Өкінішке қарай, біз соңғы кезде мұнайға қарағанда рубльге көбірек тәуелдіміз. Біздің мұнайдың көп бөлігі Ресей арқылы жіберіледі, сатылады. Ал қазір ресейлік мұнайдың бағасы рекордтық жеңілдікпен беріліп жатыр. Бірақ "теңгеге мұнайдың мүлде пайдасы болып жатқан жоқ" дей алмаймыз. Егер мұнай болмаса, тіпті оны Ресей арқылы да сатуға тыйым салынса, валюта бағамының қандай болатынын елестету қорқынышты. Себебі мұндай жағдайда мұнай теңге бағамына мүлде әсер ете алмай қалады. Теңгенің одан сайын құнсыздануына Қазақстан азаматтары да үлесін қосып жүр. Себебі әлі күнге дейін көптеген отандасымыз жаппай долларды сатып алу арқылы теңгені әлсірететінін білмейді. Қымбат валютаны сатып алуға кезекке тұрған адамдар бағаны көтереді. Себебі затқа сұраныс артса, оның құны да өседі. Сондықтан солай кей адамдар ұлттық валютасына сенбей, оны өз қолымен әлсіретеді.