Жансель Дениз Ирандағы рейтингілік турнирде күміс жүлде жеңіп алды
Жансель Дениз Ирандағы рейтингілік турнирде күміс жүлде жеңіп алды
146
оқылды
Иран астанасы Тегеранда таеквондодан өтіп жатқан «Fajr Open» рейтингілік турнирінде күміс жүлдені иеленді. Olympic.kz сайтының жазуынша, бірінші жарыс күнінде спортшылар төрт салмақта сынға түсті.
Қазақстан сапынан Жансель Дениз бен Әмина Нұрғаықызы жүлдеге ілікті. Жансель 73 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленсе, Әмина 62 келіге дейінгі салмақта қола жүлде тағынды. Бүгін қыздар арасында 49, 57, 67, 73 салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Турнир 9 наурызға дейін жалғасады.