YouTube тележүргізушінің арналарын жойып жіберді
YouTube тележүргізушінің арналарын жойып жіберді
YouTube  журналист Владимир Соловьевтің «Соловьев Live» және «Вечер с Владимиром Соловьевым» арналарын жауып тастады. Соловьев арналарына миллионнан астам қолданушы жазылған болатын. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. Арнаға кірген пайдаланушылар «Бұл арна YouTube қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін уақытша тоқтатылды» деген жазуы бар хабарламаны көреді.
Тележүргізуші өзінің Telegram желісінде былай деп жазды: "You Tube-дан кешірім күтеміз, әйтпесе ол Ресейде жабылуы мүмкін. Ресей Федерациясы аумағында YouTube желісін жабу уақыты келген сияқты", - деп жазды ол.
Сонымен қатар, 3 наурызда Роскомнадзор Google-дан жалған жарнамаларды таратуды тоқтатуды талап етті. 15 ақпанда Google YouTube-тегі Луганск пен Донецк бүлікшілерінің басты телеарнасы "Первый Республиканскийдің" YouTube аккаунтын бұғаттады. Арна 2015 жылы құрылған және бұғаттау кезінде 50 мыңнан астам жазылушысы болған. Роскомнадзор видеохостинг қызметінен блоктауды алып тастауды талап етіп отыр.