Ресей сәуір айында дефолт жариялайды – Morgan Stanley
Ресей сәуір айында дефолт жариялайды – Morgan Stanley
149
оқылды
Әлемдегі ең ірі қаржы корпорацияларының бірі Morgan Stanley сарапшылары Ресей сәуір айының ортасына қарай дефолтқа ұшырауы мүмкін деп болжап отыр. Оған себеп, 2023 және 2043 жылдардағы өтеу мерзімі бар долларлық облигациялар үшін 30 күндік жеңілдік кезеңі осы сәуір айының ортасында аяқталады. Бұл туралы Bloomberg жазды. Morgan Stanley сарапшыларының пікірінше, Ресейде санкциялар алынғаннан кейін ғана "ойынға" қосылатын мұнай активтері бар – дәл Венесуэла тәрізді. Morgan Stanley мәліметтері бойынша, АҚШ банктері Ресей қаржы министрлігінің купондық төлемдерін қабылдай ала ма, жоқ па – ол беймәлім. Айта кетейік, "Ресей Украинаға басып кірді" деп есептейтін батыс елдері Ресейге көптеген санкция салды,  елдің нарығынан жеке компаниялар да кете бастады немесе жұмысын тоқтатты.