9 наурызға арналған ауа райы болжамы
9 наурызға арналған ауа райы болжамы
© inform.kz
464
оқылды
Синоптиктер 9 наурыз, сәрсенбі күні ауа райы болжамын айтты, - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Суық антициклон Қазақстан территориясына жылжи отырып, еліміздің солтүстік жартысында жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Алайда, фронттар оңтүстік аудандарға әсер етуін жалғастырады – жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарда қатты жауын-шашын жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, шығыста - жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, батыста - көктайғақ, оңтүстікте - найзағай жарқылдайды. Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде тұман түседі, күндіз оңтүстік-батыста желдің күші 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түсіп, найзағай ойнайды, жел екпіні - 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман түседі, күндіз көктайғақ күтіледі. Атырау облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақмола облысының шығысында, Алматы облысының тау және таулы аудандарында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Қызылорда облысының оңтүстігінде күн тұманды.