Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Аманжол Әлтай депутат ретінде ант берді, - деп жазады baribar.kz.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін", — деді Аманжол Әлтай.Сонымен қатар, бүгін палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды. Бұдан бұрын хабарланғандай, саяси кеңес бюросының қаулысымен «AMANAT» партиясынан парламент мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды.