Ресей Киевтің наурызға жоспарланған әскери операцияларының құжаттарын қолға түсірді
Ресей Киевтің наурызға жоспарланған әскери операцияларының құжаттарын қолға түсірді
© ulysmedia.kz
204
оқылды
Ресейлік әскери қызметшілердің қолына Украинаның наурызда Донбасқа басып кіруді жоспарлағанын дәлелдейтін Украина ұлттық гвардиясының құжаттары түсті, - деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігі ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков.
"Арнайы әскери операция кезінде ресейлік әскери қызметшілердің қолына Украина ұлттық гвардиясы қолбасшылығының құпия құжаттары түсті. Бұл құжаттар Киев режимінің 2022 жылғы наурызда Донбасқа басып кіруге жасырын дайындалғанын көрсетеді", — деді ол журналистерге.
Конашенков ақпанда батыс БАҚ-тары Киев билігінің Луганск және Донецк халықтық республикаларын басып алу жоспары жоқ екенін жарыса жазғанын айта отырып,  оның бәрін жоққа шығарды.
"Алайда Украина ұлттық гвардиясы құпия әскери құжаттарының түпнұсқасы бұл мәлімдеменің жалған екендігін растайды", — деді генерал.