Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қарулар тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиев Алматыда 5-6 қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған қару-жарақ партиясы анықталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Алматы әуежайындағы тәртіпсіздікке қатысқан Өзбекстанның 23 жастағы азаматы ұрлық жасады деген күдікпен ұсталып, тұрғылықты жерінен екі пышақ пен бір пневматикалық тапанша тәркіленген.
"Дерек бойынша соталды тергеу басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Олардың сыбайластарын анықтау және ұстау шаралары жүргізіледі", — деп түйіндеді Оңал Бекиев.https://www.youtube.com/watch?v=J5cMwX5Zj-g&t=1s