«Қинап, адам өлтіргенін мәжбүрлеп мойындатқан» – Тоқмади Мәсімовтің ісіне қатысты мәлімдеме жариялады
«Қинап, адам өлтіргенін мәжбүрлеп мойындатқан» – Тоқмади Мәсімовтің ісіне қатысты мәлімдеме жариялады
226
оқылды

Бұл жайында түрмеде отырған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің адамдары қинап, адам өлтіргенін мәжбүрлеп мойындатқан. Сонымен қатар "БТА банкінің бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевті өлтірдім" деп мойындатуға Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратураның адамдары мәжбүрлеген екен. Кәсіпкердің хатын ҚазТАГ агенттігі жариялады.

"Ұстаның шәкіртінен бастап екі өнеркәсіптік шыны өңдеу зауытының иесіне дейінгі 40 жылдық тәжірибем бар, елге белгілі азамат - Мұратхан Тоқмәдимін. Спорттық, қоғамдық және еңбек жолында бірқатар ордендермен, медальдармен марапатталғанмын. Бірақ барлығы 2017 жылдың 12 шілдесінде өзгеріп салды. Сол кезде әйелім мен 10 жасар қызымның көз алдында ұстап әкетіп, әп-сәтте барлық құқығынан айырылған саяси тұтқынға айналдым", – дейді ол хатында. Ол өзіне және отбасына, туған-туыстарына, әріптестеріне, достарына қарсы "құқықтық вандализмді" Кәрім Мәсімовтің жетекшілігімен ҰҚК тергеу-жедел тобының (ТЖД) қазір қамауға алынған мүшелері жасады деп отыр. Кәсіпкердің айтуынша, ҰҚК жедел тергеу тобын ҰҚК полковнигі Руслан Ысқақов басқарған. "Отбасына қорқыту, ұрып-соғу, азаптау, моральдық-психологиялық қысым көрсету, 20-30 жыл бұрынғы маған қатысты қылмыстық істі бұрмалау, әйеліме қатысты үш қылмыстық іс қозғау, туысқанымды қамауға алу, кәсіпкерлік қызметімді бұғаттау, дүние-мүлкіме және отбасылық есеп-шоттарыма тыйым салу және басқа да көптеген әдістерді қолданып, олар мені процессуалдық өтініш пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға мәжбүрледі" , – дейді қамаудағы кәсіпкер. Айта кетейік, "КазСтройСтекло" зауытының басшысы болған Мұратхан Тоқмәди 2017 жылы алдымен Алматыда арнайы операция кезінде "ірі көлемдегі мүлікті иелену мақсатымен бопсалады" деген күдікпен ұсталған. Тергеу кезінде ол кінәсін мойындау туралы келісімге келген. Сосын сот шешімімен кәсіпкер үш жылға сотталды. Кейін кәсіпкер БТА банктің басшысы болған Ержан Тәтішевті Қордай ауданындағы аңшылық кезінде атып өлтіргенін мойындайды. Ол тапсырыс үшін Мұхтар Әбіләзовтан 4 миллион доллар алған. Сөйтіп, Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 10,5 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтеп жатыр.