«Отбасы банк» әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасы бағдарламасына өзгерістер енгізді. Енді отбасының айлық табысы 640 мыңнан аспауы керек. Бұл бағдарламаның бастапқы жарна мөлшері – 15%. Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасы арқылы жаңа немесе қолданыстағы тұрғын үйді сатып алуға және оны жөндеуге несие рәсімдеуге болады. Ипотеканың шарттары қандай?
- несие мөлшерлемесі – 13,5%, кейін несие тұрғын үй заемы болып ауысқанда мөлшерлеме 5%-ке дейін төмендеуі мүмкін;
- бастапқы жарна тұрғын үй құнының 15-тен 50%-ке дейінгі мөлшері;
- тұрғын үйдің құны 30 миллион теңгеден аспауы керек;
- ипотеканы 6 айдан 25 жылға дейінгі мерзімге рәсімдеуге болады.
- жеке куәлік;
- егер әйел некеде болса, онда жұбайының жеке куәлігі және неке туралы куәлігі, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі;
- жұмыс орнынан соңғы 7-13 айдағы жалақы туралы анықтама;
- соңғы алты айдағы зейнетақы жарнасы көрсетілген анықтама;
- кредит бюросынан несие тарихы туралы анықтама;
- сатып алатын пәтердің құжаттары (сатып алу-сату келісімшарты, техникалық төлқұжат);
- үйді сатушының жеке куәлігі, егер некеде болса, жұбайының жеке куәлігі.
- шығын сметасы – «Отбасы банкі» филиалында берілетін бланкі;
- пәтердің жөндеуге дейінгі және кейінгі фотосуреттері (өлшемі 10х15 см).
- Қазақстанның кәмелетке толған азаматы болуы керек;
- тұрмысқа шыққан-шықпағаны маңызды емес;
- жас аралығы 18 жастан 65 жасқа дейін (соның ішінде 65 жасқа дейінгі жұмыс істейтін зейнеткерлер);
- тұрақты тіркеу талап етілмейді;
- соңғы алты айда зейнетақы жарнасы үздіксіз аударылуы керек;
- егер әйел некеде болса, онда отбасының айлық табысы 640 мың теңгеден аспауы керек. Бұл –зейнетақы жарнасы мен салықты есептемегендегі мөлшерлеме. Ал басқа несиесі мен шығыны есепке алынбайды.
- тұрақты тіркеудің болуы міндетті емес.