Головкиннің экс-бапкері «Канелоны» кім жеңе алатынын айтты
Головкиннің экс-бапкері «Канелоны» кім жеңе алатынын айтты
©zakon.kz

Танымал мексикалық бапкер Абель Санчес орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альваресті жеңе алатын үш спортшының атын атады.

Менің ойымша, дәл қазір Альваресті жеңетін үш-ақ жігіт бар. Бұл – Бетербиев. Ол – күрескер, сонымен қатар өгіздей күшті. Оны тоқтату үшін жарғанақпен ұру керек. Қалған екеуіне келсек, олар – Давид Бенавидес пен Геннадий Головкин. Егер олар бұрынғыдай қалыпқа келсе, Альваресті жеңуі мүмкін, – дейді Абель Санчес. 9 сәуірде Геннадий Головкин Жапонияның Сайтама қаласында WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы Риота Муратамен кездеседі. Ал Канело Альварес 7 мамырда ресейлік Дмитрий Биволмен кездеседі.