Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
117
оқылды
Синоптиктер ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 10 наурызда Ақмола облысының оңтүстігіне, батысына тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал. Атырау облысының солтүстігінде – тұман, көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 10, 11, 12 наурыз түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жауын жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке, екпіні 23 м/с-ке жетуі ықтимал. Батыс-Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында – тұман түсіп, көктайғақ болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан, күндіз солтүстік-шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылорда облысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. 10 наурыз түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Шығыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, облыстың оңтүстігі мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. 10-12 наурызда Түркістан мен Жамбыл облысында ауа райының жылынуы мен толассыз жауған жаңбырға байланысты өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.