Чемпиондар лигасы: Бавария мен Ливерпуль ширек финалда
Чемпиондар лигасы: Бавария мен Ливерпуль ширек финалда

«Алья́нц Аре́на» мен «Энфилд» стадионында Чемпиондар лигасының 1/8 финалының екі қарымта кездесуі өтті.

Мюнхендік «Бавария» өз алаңына Австрияның «Зальцбург» командасын 7:1 есебімен ойсырата жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Австрия жерінде өткен алғашқы ойын тең (1:1) аяқталған болатын. Ал ағылшындық «Ливерпуль» командасы «Энфилд» стадионында «Интерден» жеңіліп қалды. Италиялық клуб сапынан Лаутаро Мартинес 62-минутта көзге түсті. Бірақ «Интердің» сырт алаңдағы жеңісі олардың келесі кезеңге өтуіне мүмкіндік бермеді. Юрген Клопп футболшылары бірінші ойында екі доп айырмасымен жеңіске жеткендіктен, екі ойын қорытындысы бойынша ширек финалға жолдама алды.