Бос жүрген жастар жұмысқа тұрғызылмақ – Әлихан Смайылов
Бос жүрген жастар жұмысқа тұрғызылмақ – Әлихан Смайылов
247
оқылды

Мемлекет басшысы азаматтардың әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайы мемлекеттің басты назарында болуы керек екенін атады. Ұсынылған Халықтың табысын арттыру бағдарламасы азаматтардың тұрмысын жақсарту және әлеуметтік-еңбек саласында тәсілдерді жаңалау үшін әзірленді. Осы жайында Премьер-министр Әлихан Смайылов пікір білдірді.

Айтуынша, құжат бірінші кезекте халықтың нақты табысын арттыруға және жұмыспен қамтуға бағытталған. – Жеке үй шаруашылықтарын дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру, микрокредит беру ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, табысын арттыруға ықпал етеді. Екіншіден, оқу бітіретін түлектерді жұмысқа орналастыру үшін университеттер жанынан карьерлік орталықтар құрылады, ал бос жүрген жастарды жұмысқа тарту нақты шаралар арқылы іске асырылады.Үшіншіден, барлық мемлекеттік ұйымның алдында ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін арттыру және тұрақты жұмыс орындарын құру міндеті тұр, – деді ол.