Мейрам Жанғұттинов Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босатылды
Мейрам Жанғұттинов Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босатылды
191
оқылды

Мейрам Жанғұттинов соттың айыптау үкімі заңды күшіне енуіне байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босатылды. Тиісті ұсынысты Мемлекет басшысы Сенатқа енгізді.

– Сот үкімімен Мейрам Жанғұттиновқа қызметтік бабын пайдаланып, алаяқтық жасады деген айып тағылды. Бұл үкім заңды күшіне енді. Құрметті депутаттар, соттың айыптау үкімі заңды күшіне енуіне байланысты Жанғұттинов Мейрам Құрмашұлын қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысын қолдауыңызды сұраймыз, – дейді Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп. 2021 жылдың ақпан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Жоғарғы сот судьясын ірі көлемде пара алу кезінде ұстағаны белгілі. Оған ақша Түркістан облысы аудандық сотының судьясын бір соттан екінші сотқа ауыстыруға көмектесуге аударылған. 3 желтоқсанда Мейрам Жанғұттинов бес жылға бас бостандығынан айырылды.