Мәсімовтің байлығы тәркілене ме?: 11 қымбат көлік, элиталық 4 пәтер мен сарайы
Мәсімовтің байлығы тәркілене ме?: 11 қымбат көлік, элиталық 4 пәтер мен сарайы
©www.dw.com
604
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мәсімов ісіне қатысты жаңа мәліметтер таратты. Тергеу барысында Кәрім Мәсімовтің іс-әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталды. Отандық бизнес қауымдастықтары мен шетелдік субъект өкілдерінен жылжымайтын мүлік, қымбат сыйлықтар, соның ішінде мәдени құндылықтар, елеулі мөлшерде ақшалай қаражат алу фактілері құжатталды.

Атап айтқанда, жабық келісімшарттардың бірі бойынша шетелдік мемлекет өкілдерінен Мәсімовтің ҰҚК Төрағасы лауазымында 2 млн АҚШ доллары сомасында пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Осы қаражатты Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтару қамтамасыз етілді. Мәсімовтің Премьер-министр лауазымы кезінде бизнес-құрылымның бірінен астанада құны 2,5 млрд теңге элиталық тұрғын үй мен жер телімін алу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. 2022 жылғы қаңтарда Мәсімовті ұстағаннан кейін осы  үйде 17,2 млн АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша табылды. Сондай-ақ элиталық сағаттар, алтын кесектері, антиквариат және басқа да заттар алынды. Бұдан басқа, бизнес санаттағы 11 қымбат автомашина алынды. Мүліктеріне – Нұр-Сұлтан қаласыда екі элиталық пәтер, Алматыда 2 пәтер мен кең сарай және Щучье-Бурабай шипажайы аймағы көлінің жағасындағы аумағы 1 га жер теліміне тыйым салынды. Қазір Мәсімов пен оның айналасындағылар шетел банктеріне заңсыз шығарған аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатты іздестіру, бұғаттау және Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Барлық көрсетілген фактілер бойынша қарқынды жедел жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.