Трамп үшінші дүниежүзілік соғыс болуы мүмкін екенін ескертті

Трамп үшінші дүниежүзілік соғыс болуы мүмкін екенін ескертті

АҚШ бұрынғы президенті Дональд Трамп Full Send Podcast подкастында үшінші дүниежүзілік соғыс болуы мүмкін екенін, ядролық соғыс болатынын, оған себеп АҚШ-ты "бұрынғыдай құреттемеудеуден" болып отырғанын айтты, - деп хабарлады РИА НОВОСТИ
"Иә, үшінші дүниежүзілік соғыс болуы мүмкін, бұған елімізді құрметтемеу себеп болып отыр",  — деді Трамп жүргізушінің Украинадағы соғыс аясында қарапайым америкалықтарға ядролық соғыстан қорқу керек пе деген сұрағына.
Трамптың айтуынша, АҚШ-ты білікті адамдар басқарып отырған жоқ. Сондықтан соғыс қаупі бар. Бұған дейін Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров үшінші дүниежүзілік соғыс болуы мүмкін екенін айтқанын жазған болатынбыз.