СҚО-да кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған 5 адамға сот үкімі шықты
СҚО-да кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған 5 адамға сот үкімі шықты
© sud.gov.kz
202
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 5 адамға үкім шықты, – деп хабарлайды «Хабар 24». Оқиға былтыр маусым айының он бірі күні, яғни шаһар шетіндегі демалыс орындарының бірінде болған. Қылмыскердің үшеуінің ішімдік ішкені анықталды. 17 мен 21 жас аралығындағы жігіттер өз кінәсын мойындамады. Олар «зорлау» және «жаныстық зорлық-зомбылық» баптары бойынша жауапқа тартылды. Ал сот жәбірленушінің талап-арызын қанағаттандырды. Ол моральдық зиян келтіргені үшін 10 миллион теңге көлемінде ақша өндіріп алатын болды.
"Ашот Мартиашвили мен Максим Исаков 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын кәмелетке толмағандарға арналған орташа қауіпсіздік колониясында өтесін. Ал Руслан Рассохин, Данил Селезнев және Вячаслав Байдуков 16 жылға сотталсын. Соңғы үшеуі ең жоғары қауіпсіздік мекемесіне қамалсын", – деді облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Сергей Викторенко.