Украина СІМ басшысы Ресей соғысты тоқтату үшін не талап еткенін айтты
Украина СІМ басшысы Ресей соғысты тоқтату үшін не талап еткенін айтты
© dw.com
Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен болған келіссөздің нәтижесі туралы айтты, – деп хабарлады "Украинская правда".  Украиндық саясаткер екі тарап соғысты тоқтатуға қатысты келісімге келе алмағандарын айтты. Оның айтуынша,  Лавров Мариуполь тұрғындарын эвакуациялау үшін ешқандай гуманитарлық дәліз ұйымдастыруға уәде бермеген. Соған қарамастан Украина СІМ осы форматта тағы кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Басылымның мәліметінше, Дмитрий Кулеба келіссөзде Мариуполь тұрғындарын эвакуациялау үшін гуманитарлық дәліздерді ашып, қалаға гуманитарлық көмек жеткізуге шақырған. Сонымен қатар кездесу кезінде министр ең өзекті гуманитарлық мәселелерді шешу үшін 24 сағатқа атысты тоқтатуды талап еткен.
"Мен ресейлік тараптан соғысты тоқтату үшін Украина Путиннің талабын орындау керек екенін естідім. Украина келіспеді, жеңісті қолдан бермейді", – деді Кулеба.