11 наурызға арналған валюта бағамы

11 наурызға арналған валюта бағамы

Ұлттық банк 11 наурызға арналған доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын белгіледі. Жұмада доллар бағамы 509,80 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 10 наурыздағы ресми бағамы 510 теңге болған еді. Ал рубльдің ресми бағамы - 4,29 теңге. Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы - 513,28 теңге, сонымен қатар, 519 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттерінде валютаны орташа есеппен 516 теңгеден сатып алып, 519 теңгеден сатып жатыр.