Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
109
оқылды
«Қазгидромет» синоптиктері бірнеше өңірде ескерту жариялады. 11 наурызда Ақмола облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Нұр-Сұлтанда да солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысының оңтүстігі мен батысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, батыста және оңтүстікте желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жезқазғанда көктайғақ болады. Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, таң ата солтүстікте, облыс орталығында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі. Қызылорда облысында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғып, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді. Оралда түнде көктайғақ болады. Түнде және таң ата тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғып, түнде екпіні секундына 18 метрге жетеді. Түнде Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігінде, күндіз солтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде түнде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде және орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғады.