2 аты, 3 тегі бар
2 аты, 3 тегі бар
216
оқылды
Түркістан облысында 2 есімі, 3 фамилиясы бар тұрғынның құжаттары түзетіліп жатыр. Келес ауданының 63 жастағы тұрғыны Нұржамал Анарханқызы бұған дейін Кеңес Одағының құжатымен жүрген. Зейнет жасына жеткен соң КСРО кезіндегі құжатын ауыстыруға ниеттенген. Алайда егде жастағы тұрғынның осы уақытқа дейінгі құжаттарында аты-жөні, тегі 2-3 түрлі болғаны жұмыстардың уақытылы жүзеге асуына кедергі келтірген. Облыстық Полиция департаментіндегілер Нұржамал Анарханқызының туу туралы, неке қию туралы куәліктеріндегі аты-жөні әртүрлі екенін айтады. Атап айтқанда, кейуана бұған дейін Анарханова, Әмірханова, Пірім­құлова тегімен және Нұржамал, Нәртай есімдерімен жүрген екен. Құжат ресімдеуде қиындыққа тап болған ананың мәселесін Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов те бұл мәселені бірден жеке бақылауына алған. Осылайша, оның құжаттары Көші-қон комитетіне жолданып, түркістандық азаматшаға бір күнде жеке сәйкестендіру нөмірі берілген.

Ш.АТЫХАНҰЛЫ