Тұрғындардың мәселесі басты назарда
Тұрғындардың мәселесі басты назарда
163
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында «AMANAT» партиясының ау­дан­дық филиалдарының кон­фе­ренциялары өтті. Іс-шараға қатысушылар «AMANAT» пар­тия­­сының кезектен тыс XXII съе­зінде айтылған негізгі бас­та­­малар мен тезистерді тал­қы­лады. Сонымен қатар жиналғандар халықпен байланыс орнатудың ерекше маңыздылығын атап өтті. Үй­лесімді коммуникацияның ар­қа­сында партия мүшелері, бас­тауыш партия ұйымдарының мү­ше­лері мәслихаттағы фракция де­­путат­та­рымен өзара іс-қимыл жасай отырып, қала тұрғын­да­рының проблемаларын жіті шеше алатынына сенімді. Жиналғандар партияның ата­уын «AMANAT» деп өзгерту ту­ралы бастамаға толық қолдау біл­дірді. Өйткені бұл сөздің өзі қа­зақ халқы үшін киелі әрі рухани маңызға ие. Кездесу соңында Алматы және Байқоңыр аудандары партия фи­лиалының Саяси кеңесінің құра­мына өзгерістер енгізу бойынша ашық дауыс беру шарасы өтті. Сон­дай-ақ конференцияға қатысу­шы­лар партияның аудандық фи­лиал­дарының жаңа төрағаларын сайлады. Филиал жетекшілері болып аудан әкімдері Нұрбол Нұрсағатов пен Ерлан Жаулыбаев бекітілді.