Екі боксшымыз шаршы алаңға шығады
Екі боксшымыз шаршы алаңға шығады
168
оқылды
25 наурызда Алматыда MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясының ұйымдастыруымен кезекті бокс кеші өтеді. Айтулы бәсекенің негізгі жек­пе-жегінде қазақстандық боксшы Рай Сейітжанов (9-0, 6 КО) өнер көрсетеді. Сейітжановтың қарсыласы жеңіліп көрмеген мексикалық Хосе Масиас Энрикес (15-0, 7 КО) болмақ. Бұл кездесуде бірінші жартылай орта салмақтағы жастар арасындағы WBO чемпиондық титулы сарапқа салынады. Бокс кешінде Қамшыбек Қоң­қабаев (4-0, 3 КО) пен оңтүстікафрикалық Джонни Мюллер де (23-2, 14 КО) шаршы алаңға шығады. Олар қазақстандық боксшыға тиесілі бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold белбеуіне таласады.

Әбілмансұр ЖАСАН