Иманбек жерлестеріне әнұран жазып бере ме?
Иманбек жерлестеріне әнұран жазып бере ме?
©.sputnik.kz
171
оқылды

Қазақстандық диджей әрі музыкалық продюсер Иманбек Зейкеновке «Ақсу» футбол клубының директоры Әлихан Лесов командаға әнұран жазып беруді ұсынды. Ол бұл жайында Лесов YouTube желісіндегі BorodAbata жобасына берген сұхбатында атқан болатын.

– Иманбек өзі Ақсу қаласының тумасы, осында өсті. Сол себепті де оған «Ақсу» ФК бренд-амбассадоры болуды ұсынбақпын. Тіпті, туған жерінің командасына әнұран жазып берер. Иманбек, біз сені күтеміз», – деді Әлихан Лесов. Еске алсақ, Иманбек былтыр Grammy сыйлығын Roses — Imanbek Remixі ремиксын жазғаны үшін алған. Сол жылы Иманбек Billboard Music Awards сыйлығының «Үздік би/электрондық ән» номинациясының жеңімпазы атанды.