Кәрім Мәсімовтен тәркіленген көліктердің бағасы қанша?
Кәрім Мәсімовтен тәркіленген көліктердің бағасы қанша?
Кәрім Мәсімовтің автокөліктері
442
оқылды

ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген автокөліктердің ең қымбаты 950 мың АҚШ долларынан басталады. Kolesa.kz сарапшылары тәркіленген көліктердің құнын бағалаған. Бірақ кейбірінің бағасын білу қиын болған, себебі ондай модельдегі автокөлік нарықта қазір сатылмайды екен.

Mercedes-Benz S 600 Guard (V222) – 2014 жылдан бастап шығарылған седан. Зауытта кем дегенде 950 мың долларға сатылған. Сарапшылардың айтуынша, негізгі құны қорғаныс деңгейіне және конфигурациясына байланысты. Бірақ Кәрім Мәсімовтің гаражынан шыққан Mercedes сирек кездесетін нұсқа болғасын Қазақстан нарығындағы орташа бағасын есептеу мүмкін болмаған. [caption id="attachment_187505" align="aligncenter" width="1200"]Кәрім Мәсімовтің Mercedes-і Кәрім Мәсімовтің Mercedes-і. Фото: ҚР ҰҚК[/caption] Nissan Patrol (Y62) – 2010-2013 жылдары шығарылған. Kolesa.kz-тегі 2010 жылы шығарылған машиналардың орташа бағасы 11,7 млн теңгеден басталып, 2013 жылғылар 13,9 млн теңгеге дейін жетеді. [caption id="attachment_187507" align="aligncenter" width="1200"]Кәрім Мәсімовтің Nissan-ы Кәрім Мәсімовтің Nissan-ы. Фото: ҚР ҰҚК[/caption] Infiniti QX80 – 2017 жылдан бастап шығарылады. Kolesa.kz-те 2018 жылы шығарылған автомобильдің орташа бағасы 31,1 млн теңгеден басталып, 51,9 млн теңгеге дейін барады. [caption id="attachment_187508" align="aligncenter" width="1200"]Кәрім Мәсімовтің Infiniti-і Кәрім Мәсімовтің Infiniti-і. Фото: ҚР ҰҚК[/caption] Toyota Land Cruiser (J100) – 2002-2005 жылдары шығарылды. Орташа бағасы Kolesa.kz-те 7,3 млн теңгеден 10,9 млн теңгеге дейін барады. [caption id="attachment_187509" align="aligncenter" width="1200"]Кәрім Мәсімовтің Toyota-сы Кәрім Мәсімовтің Toyota-сы. Фото: ҚР ҰҚК[/caption] Mini Countryman Cooper S ALL4 (R60) – 2014-2017 жылдары шығарылған. Нарықта сатылмағасын орташа бағасын анықтау мүмкін емес. 2016 жылы шығарылған Cooper s бағасы 11 млн теңгеден басталады. [caption id="attachment_187511" align="aligncenter" width="1200"]Кәрім Мәсімовтің Mini-і Кәрім Мәсімовтің Mini-і. Фото: ҚР ҰҚК[/caption] Tesla Model 3 – 2017 жылдан бастап шығарылады. Нарықтағы ұсыныстардың аздығына байланысты орташа бағасын анықтау мүмкін емес. Оның құны техникалық сипаттамасына да байланысты. Kolesa.kz-тегі 2018 жылғы Model 3-тің құны 20 млн – 37,5 млн теңгеге бағаланған. Айта кетейік, Қазақстанда Tesla маркалы электромобильдер ресми сатылмайды. Оларды жеке тұлғалар сатады немесе тапсырыс бойынша жеткізіледі. [caption id="attachment_187513" align="aligncenter" width="1200"]Кәрім Мәсімовтің Tesla-сы Кәрім Мәсімовтің Tesla-сы. Фото: ҚР ҰҚК[/caption] Mercedes-Benz Sprinter 2018 жылдан бастап шығарылады. Сарапшылар Қазақстанның автокөлік нарығындағы ұсыныстарға сүйене отырып, құны 30 млн теңге болады деп болжаған. [caption id="attachment_187515" align="aligncenter" width="1280"]Кәрім Мәсімовтің Sprinter-і Кәрім Мәсімовтің Sprinter-і. Фото: ҚР ҰҚК[/caption]