Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық газ компаниясының қазіргі жұмысы туралы және ішкі нарықты тауарлы газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы баяндалды.