Ауа райының күрт нашарлауына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Ақмола облысы:
- 11.03.2022 ж.сағат 13.00-де «Жезқазған – Петропавл» а/ж 377 – 440 шақырым;
- 10.03.2022 ж. сағат 20.00-де «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы», 165 – 330 шақырымы;
- 11.03.2022 ж.сағат 11.00-де «Самара – Шымкент» , 776 – 1240 шақырымы;
- 11.03.2022 ж.сағат 13.00-де «Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка –Рудный – Қостанай» а/ж жүк және автокөліктің қоғамдық түрлері үшін 0– 234 шақырымы;
- 09.03.2022 ж.сағат 23.50-де «Орал – Тасқала – РФ шекарасы» а/ж 72 – 104 шақырымы;
- «Самара – Шымкент» а/ж 195 – 251 шақырымы;
- 10.03.2022 ж. сағат 16.15-те «Атырау – Орал» 189 – 492 шақырымы;
- сағат 19.35-те «Орал – Тасқала – РФ шекарасы» 4 – 72 шақырымы, Орал уч. – Тасқала кенті;
- 20.10 сағ. «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» 0 – 144 шақырымы;
- 11.03.2022 ж.сағат 13.00-де Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Жезқазған – Петропавл» а/ж 137 – 252 шақырымы;
- 1.«Жезқазған – Петропавл» км. 252 – 377 шақырымы;
- 2.«Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай» км. 234-262 шақырымы;
- 11.03.2022ж. сағат 11.00-де (елорда уақыты бойынша) ауа райының нашарлауына байланысты «Самара – Шымкент» тас жолының 1240 – 1357 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
"Азаматтарды ауа райы болжамын жіті бақылап, алыс сапарға шықпауға шақырамыз. Штаттан тыс жағдай туындаса, жүргізушілер мен жолаушылар 1403 нөмірі бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына хабарласуы қажет",- делінген хабарламада.