"Бұл уақытша қиындық": Банктер қазақстандықтарға үндеу жасады
"Бұл уақытша қиындық": Банктер қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: zonakz.net
334
оқылды
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы елімізде қолма-қол шетел валютасын айырбастауға қатысты банктердің үндеуін жариялады. 
"Қазақстанда қолма-қол шетел валютасын сатып алуға жоғары сұраныс байқалады. Сонымен қатар, шиеленіскен халықаралық саяси жағдайға байланысты Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізу қиынға соқты. Сондықтан валюта Айырбастау пункттері мерзімді түрде қолма-қол ақша беруді шектейді. Бұл қолма-қол валютаға қатысты екенін тағы да атап өткіміз келеді. Қолма-қол ақшасыз валюта сіздің шоттарыңызда сақталады, оны сіз онлайн-банкинг арқылы көріп тексере аласыз. Бұл қолма-қол валютаны жеткізумен байланысты, қазір қолма-қол валюта алуда болып жатқан уақытша қиындықтар. Біз қысқа мерзімде Қазақстанға қолма-қол валютаны тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банкпен бірге жұмыс істейміз", – делінген хабарламада.