Ресей үкіметі сегіз көрші елге COVID-19 салдарынан ұшуға енгізілген шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведосмтвоаралық комиссиясының Telegram каналы хабарлайды. «Ашық аспан» мемлекеттерінің, атап айтқанда Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Иран өзара негізде. Бұған дейін Беларусь, Доминикан республикасы, Египет (Каирден басқа), БАӘ, Түркия, Финляндия, Чехия, Швейцария, Оңтүстік Корея және Куба мемлекеттеріне ұшуға шектеулер толығымен алынып тасталды.