Қазақстанның жеті облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді. 11 наурыз Ақмола облысында 13.00-де «Жезқазған – Петропавл» автожолының 377-440 шақырым аралығы жабылды. Ақтөбе облысында11.00-де «Самара-Шымкент», 776-1240 шақырым аралығы. 11 наурыз сағат 13.00-де «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» а/ж жүк және автокөліктің қоғамдық түрлері үшін 0-234 шақырымдар аралығы. БҚО-да сағат 13.00-де Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Жезқазған-Петропавл» а/ж 137-252 шақырымдар аралығы. Қостанай облысы: 11 наурыз сағат 13.00-де ауа райы күрт бұзылып, боранның күтілуіне байланысты автокөліктердің барлық түрлері үшін а/ж қозғалысына шектеу енгізілді:
- «Жезқазған-Петропавл» 252-377 шақырым аралығы.
- «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 234-262 шақырым аралығы.