Партия сайлаушылардың мүддесін қорғайды
Партия сайлаушылардың мүддесін қорғайды
161
оқылды
«AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов партиялық жаңғыртудың не­гізгі талаптарын атап өтті. Аймақ басшысының айтуынша, жаңғырту бағдарламасының басты идеясы – сайлаушы­лармен қызу жұмыс және сайлау алдындағы уәделерді орындау. «Басты назарды Жол карталарын сапалы және уақытылы орындауға аудару керек. Сайлауалды бағдарламаның 2021 жылғы іске асырылуына жасалған талдау көрсеткендей, 1 021 іс-шараның 894-і орындалды. Басқаша айтқанда, тек 88 пайыз. Қалған іс-шаралардың дер кезінде орындалмауына Жол карталарын жоспарлау кезіндегі кеткен кемшіліктер мен тиісті бақылаудың болмауы себеп болып отыр», – деді партия филиалының төрағасы. Құмар Ақсақалов атап өткендей, сайлаушылар өз депутатын жете тануы және оның қызметінің нәтижесін көруі тиіс. Ол үшін мәслихаттың кез келген депутатының рейтингі азаматтардың нақты істері мен проблемаларын шешуге негізделуі керек. Сондай-ақ халықпен кері байланысты күшейту жөніндегі міндет өзекті болып қала береді. «Қоғамдық қабылдау бөлмесі біздің азаматтар үшін тартымды орынға айналуы қажет. Олар бұл жерге тек шағымдармен емес, сонымен бірге аймақты одан әрі дамыту бойынша нақты идея­лармен және ұсыныстармен келе алады», – деп түйіндеді өңір басшысы.