Адвокаттардың жұмысына шағым көп

Адвокаттардың жұмысына шағым көп

Қаңтар оқиғасы кезінде адвокаттардың жұмысына шағым көп түскен. Бұл жайында Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова айтты. «Қаңтар оқиғасынан кейін кей адамдарға мемлекет кепілдік берген заң көмектері ұсынылған. Мұндай көмек, әсіресе тергеу судьясы бұлтартпау шарасы туралы шешім шығарғанға дейін алғашқы ұстаулар кезінде көп көрсетілді. Адвокаттардың қызметіне қатысты шағымдар менің атыма уақытша ұстау изоляторларына барған кезде түсті. Жәбірленушілердің адвокаттардың үстіне құзырлы органдарға арызданбауына құқықтық енжарлық пен құқықтық сауатсыздық та себеп болған», – деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Ш.АТЫХАН